Бес ел Ресейге қарсы санкцияларды күшейтпек

1356

Бұған дейін Еуропалық Одақ Украинадағы жағдайға байланысты ресейлік жеке және заңды тұлғаларға қарсы төртінші санкциялар пакетін енгізді.

Бес ел Ресейге қарсы санкцияларды күшейтпек

АҚШ Президенті Джо Байден, Ұлыбритания Премьер-Министрі Борис Джонсон, Италия Премьер-Министрі Марио Драги, Франция Президенті Эммануэль Макрон және Германия канцлері Олаф Шольц Украинадағы жағдайды талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Келіссөздердің нәтижелері бойынша Еуропа елдерінің басшылары Ресейге қарсы санкцияларды күшейтіп, Украинаға әскери, экономикалық және дипломатиялық қолдау көрсетуді жалғастыратынын мәлімдеді.

Сонымен қатар Италия Премьер-Министрі Марио Драгидің кеңсесі Еуропа елдері мен АҚШ Украина бойынша келіссөздерді қолдайтынын білдірді.

Бес мемлекеттің басшылары сондай-ақ халықаралық энергетикалық архитектураны қайта құру және ресейлік шикізатқа деген тәуелділікті азайтуға қатысты мәселелерді талқылады.

Бұған дейін Еуропалық Одақ Украинадағы жағдайға байланысты ресейлік жеке және заңды тұлғаларға қарсы төртінші санкциялар пакетін енгізді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу