Бес кеншінің өліміне әкелген апатқа 28 адам кінәлі

450

Осылай деген комиссия мүшелері бүгін апат салдарының қорытындысын жария етті.

Бес кеншінің өліміне әкелген апатқа 28 адам кінәлі

Үкіметтік комиссияға төрағалық еткен ТЖ министрі Сырым Шәріпхановтың айтуынша, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы өрескел техникалық қателіктерге жол беріп келген.

Әдеттегідей, бұл апатта да жұмыс берушінің кінәсі 100 пайыз екені комиссиямен дәлелденді. Тексеріс жүргізгендердің айтуынша, шахтадағы өрт конвейр лентасы мен жылжыту механизмінің үйкелуінен пайда болған. Сондай-ақ, Үкіметтік комиссия қорытындысына сәйкес кеніштен өрескел техникалық ақаулар мен қателіктер табылған.

"Қазақстан" шахтасының инженерлік  техникалық құрамы талаптарын өндірістік бақылауының болмауы. Сондай-ақ қауіпсіздік техникалық сақтамауы және энергия мехникалық қызмет бақыламауының әлсіздігі анықталды", - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов.

Ал, нәбәрі бір жарым ай ғана қызмет еткен конвейр лентасы сертификатталмаған болып шықты. Ол аздай, бұл ленталар "жанғыш" екен. Ал, талап бойынша олар өртке төзімді болуы тиіс.Соған қарамастан, компанияның басшылығы қолданысқа пайдалануға рұқсат берген.

"Комиссия шешімімен лента сертификатталмаған деген қорытындыға келдік. Бізге берілген құжатта не қазақ тілінде, не орыс тілінде мағлұмат жазылмаған. Одан өзге, еліміздегі талапқа мүлдем сай келмейтіні анықталды.  Қауіпсіздік тәртіп бойынша, аталған құрылғы "жаңғыш" болмау керек", - дейді "Қорғау" көмір өндірушілер кәсіподағының бас техникалық инспекторы Андрей Лукин.

"Біз үшінші жақтың араласуын сұрадық. Барлығы қолданыс кезінде алдын ала тексерістен өткен болатын. Бұл зауыт Үндістанда орналасқан. Нақты аты есімде жоқ", - деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Виктор Гафиулов.

Қазір бес кеншінің өмірі қиылған апатты жағдайға қатысты 77 жұмысшыдан  жауап алынды. Кен орнының 28 жауапты тұлғасы комиссияның шешімімен кінәлі деп танылып отыр. Оның екеуі Үндістан азаматы. Олар өртенген ленталарды сатып алу бойынша келіссөздер жүргізген. Қалғаны Қазақстандық мамандар. Үкіметтік комиссияның қортындысы құзырлы органдарға тапсырылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу