Бес күн бойы құтқарушылар "Оңтүстік Қаратұрын" кен орнындағы өртпен күресуде

642

Маңғыстау облысындағы "Оңтүстік Қаратұрын" кен орнында өртті тоқтату жұмыстары әлі де жалғасуда.

Бес күн бойы құтқарушылар "Оңтүстік Қаратұрын" кен орнындағы өртпен күресуде Фото: видеодан скриншот

Облыстық ТЖД, Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының күшімен 302 текше метр ерітінді толтырылды.

"Өртті жою жұмыстары жалғасуда. Маңғыстау облысы ТЖД жиынтық жасағының күштері мен құралдары апат болған жерде кезекшілік режимінде тұр. Бүгін одан әрі іс-қимыл алгоритмін әзірлеу мақсатында кеңес өткізу жоспарланған", - деп хабарлады ведмоствоның баспасөз қызметі.                                                                                                                      

Еске сала кетсек, "Оңтүстік Қаратұрын" кен орнында 9 маусымда сағат 03:25-те бұрғылау құралының көтерілуі нәтижесінде №303 ұңғымадағы ашық газ фонтанына өткен газ-су қоспасы жанды.

Апатқа әкеп соқтырған техникалық себеп - ұңғыманы бұрғылау кезінде сағадағы шығарындыларға қарсы жабдықтың герметизациясы болды.

Кеше, 12 маусымда "Бозащы Мұнай" ЖШС объектісінің меншік иесінің өкілдері ұңғымаларды бұрғылауды жүзеге асыратын мердігерлік ұйымдардың өкілдерімен, сондай-ақ ТЖД және КӘАҚҚ өкілдерімен бірлесіп техникалық кеңес өткізді. "Бозашы Мұнай" ЖШС нәтижелері бойынша ұңғыма кратерін ауыр бұрғылау ерітіндісімен толтыру туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта ерітіндіні дайындау және құю үшін желіні құрастыру жүзеге асырылуда. 

Апат орнында Маңғыстау облысы ТЖД жиынтық жасағының, "Семсерөртсөндірші" ЖШС  және Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы күштері мен құралдары бар.

Төтеншеліктер мұнай-газ суының бұрқағы нәтижесінде диаметрі 15 метр, тереңдігі шамамен екі-үш метр болатын шұңқыр пайда болып, ұңғыма сағасының айналасында кен шөгінділердің құлауы орын алғанын хабарлаған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу