Бес күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен балықшылардың денесі табылды

Сот-сараптама жұмыстары басталды. 

Бес күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен балықшылардың денесі табылды

Осыдан бес күн бұрын Екібастұз қаласының екі тұрғыны балық аулауға шығып, содан соң үйлеріне оралмады. Туыс-туғандары, полиция қызметкерлерімен қатар еріктілер де зейнеткерлерді іздеуге кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 8 қазан күні Екібастұз полициясына 64 жастағы қала тұрғыны жүгініп, 69 жастағы жолдасының жоғалып кеткенін хабарлады. Әйел адам 5 қазан күні сағат 12.30 шамасында жолдасы УАЗ көлігін басқарып, танысымен бірге балық аулауға кеткенін айтқан. 

"Тұрғынның өтініші негізінде іздеу шаралары басталды. Кеше Құтаяқсор көлінің маңынан УАЗ көлігі мен жоғалған азаматтардың құжаттары, ақшалай қаражаттары, ұялы телефондар, автокөліктің кілті табылды. Көлікте резеңке қайық болған жоқ. Бірақ құтқару кеудешелері сол жерде жатты", - деп хабарлаған еді полиция департаменті.

Ал бүгін сағат 14.00-де Құтақсояр көлінен екі балықшының денесі табылды. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция мен төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкрелері жұмыс істеуде.

"Мәйіттерге қатысты тиісті сараптамалар жасалады. Содан соң процессуалдық шешім шығарылады", - дейді полиция өкілдері.

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу