Бес күнде 2 мың қылмыс әшкереленді

925

"Құқықтық тәртіп" операциясы қорытындыланды.

Бес күнде 2 мың қылмыс әшкереленді

Маусым айының алғашқы аптасында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық орындардағы қылмыстың алдын алу және қоғамдағы құқықтық тәртіптің сақталуын қадағалау мақсатында ел аумағында "Құқықтық тәртіп" операциясы ұйымдастырылды. 

ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболовтың баяндауынша, 1-5 маусым аралығында өткен шараға 18 мың полиция қызметкері қатысты. Олар 2 мыңнан астам қылмысты әшкереледі.   

"642 қылмыс ертеректе жасалған. Бұдан бөлек 5 кісі өлтіру, 47 кісі тонау, 58 әкімшілік құқық бұзу фактісі анықталды. Сонымен қатар бұрын іздеуде жүрген 100 адам ұсталды", – деді  Мақсат Байболов. 

Комитет төрағасының сөзінше, 158 есірткі затын заңсыз сақтау оқиғасы тіркеліп, 44,7 келі есірткі тәркіленген. Сонымен қатар азаматтардан 135 дана атыс қаруы алынған. 

"Заңсыз қаруды тәркілеуге қатысты шаралар жүргізіліп жатыр. Алматы облысында учаскелік полиция қызметкері тұрғындардың бірінен 20 патронымен бірге АК автоматын тәркіледі. Құқық бұзушының үстінен тергеу басталды", – деді Мақсат Байболов. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу