Бес күнде infokazakhstan.kz порталына 160 мың кәсіпкер тіркелген

993

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасы әзірге тек 120 мың 500 кәсіп иесіне өз ісін қайта ашуға рұқсат берген.

Бес күнде infokazakhstan.kz порталына 160 мың кәсіпкер тіркелген

Ақпаратқа сәйкес, ең көп өтініш алматылық кәсіпкерлерден түскен. Мұнда 24 мың 300 адам жұмысын жандандыруға ниетті. Екінші орын 14 мың 700 бизнес өкілімен Қарағанды облысына тиесілі. Ұзақ мерзімді карантиннен қызметке асыққан тұрғындар ішінен үздік үштікті Павлодар облысы түйіндеп отыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Бір жұмада аталмыш порталға 14 мың 300 кәсіпкер тіркеліп үлгерген.

Айта кетейік, infokazakhstan.kz сайты карантиннен кейін бизнесмендер жұмысына қайта кірісу үшін ұйымдастырылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу