Отандық және америкалық дәрігерлер 70-тен астам қазақстандық балаға тегін пластикалық операция жасады, деп хабарлайды 24.kz.
Бет-жақ тұсындағы туабітті кемістікті, қоянерін, күйіктен кейінгі тыртығы бар балаларға жасалған операция бес күнге жалғасты. "Болашағымыз балалар" атты әлеуметтік жоба аясында жасалған игі шараны "Асыл бала" республикалық қауымдастығы мен АҚШ-тың халықаралық көмек тобы бірлесіп жүргізді. Пластикалық хирург Джек Демостың айтуынша, қазір балалардың денсаулығы жақсы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу