Бес күндікке өткеннен кейін 34 оқу күнін жоғалтып алдық – Асхат Аймағамбетов

473

Мәжілістің комитетінде оқу бағдарламасының мазмұнын жаңарту мәселесі қаралды.  

Бес күндікке өткеннен кейін 34 оқу күнін жоғалтып алдық – Асхат Аймағамбетов Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Еліміздің мектептеріндегі білім беру бағдарламалары жаңартылады. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов оқу бағдарламасын жаңарту кезек күттірмейтін мәселе екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бір нәрсе барлығымызға түсінікті болуы керек. Бағдарламаны жаңартуымыз керек. Ол күттірмейтін мәселе. 2015 жылдан бастап тоғыз жыл өтті. Оны 2022, 2023-те енгізуіміз керек болатын. Енді қазір 2024 жыл аяқталды. Бүгін қабылдағанның өзінде 2026 жылға кеттік. Жаңа бағдарламалар қандай сапамен дайындалса да, үлкен дау тудыратынын бәріміз түсінуіміз керек. Керемет, мінсіз бағдарламаны кім дайындаса да, ол қоғамда үлкен дау туғызады. Осыны бірінші кезекте министрлік түсіну керек. Өйткені бұған үлкен батыл шешім қажет", - деді Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов.

Айтуынша, жаңа бағдарлама басында үйреншікті болмай, біреудің көңілінен шығып, екіншісіне ұнамауы мүмкін.

"Бұл мәселе бойынша ғылыми көзқарас қажет. Министр, сарапшы, блогер, депутат, басқа да саяси қызметкер айтты деп ол бағдарламаны өзгертуге болмайды. Мұғалімді қалай оқытамыз, кітаптарды қалай дайындаймыз, авторларды қалай оқытамыз деген мәселелерде сұрақ көп", - деді мәжілісмен.

Депутат оқу мақсаттары көп болған соң тақырыптар да көп екенін жеткізді.

"Біз 34 апталыққа қайтып келгеннен кейін және бес күндікке өткеннен кейін 34 оқу күнін жоғалтып алдық. Біздің балалар отыз төрт күнге аз оқиды. Отыз төрт сенбіні жоғалтып алғаннан кейін ол сенбінің жүктемесі дүйсенбіден жұмаға дейін ауысты. Соған байланысты қазір бір сабақта бір тақырып өту деген өте қиын. Олар бір қалып қойса, әрі қарай қалып қояды", - деді Асхат Аймағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу