Бес облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

1308

Қазақстанда бес облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.  

Бес облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

2 наурызда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Шымкентте ертең күндіз батыстан соққан жел 15-20 м/с күшейеді.

2 наурызда Шығыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр, қар жауады. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Кей жерлерде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Өскеменде ертең күндіз жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді.

Семейде ертең күндіз жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болуы мүмкін. Жаяу бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді.

2 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

2 наурыз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Оралда ертең күндіз көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу