Бес облыста коронавирус инфекциясы алты есе өсті

935

Республикада эпидахуал күрделі. Бірақ кейінгі аптада алдыңғы аптадан гөрі жағдай тұрақтанып келеді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Бес облыста коронавирус инфекциясы алты есе өсті

Министр мәліметінше, жыл басынан бері 250 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясымен ауырды. Кейінгі аптадағы жағдайлардың орташа тәуліктік саны сегіз мыңға дейін жетті. 

Қызылорда облысы мен Шымкент қаласы сары аймақта, ал Түркістан облысы жасыл аймақта. 

Денсаулық сақтау ұйымдарында коронавируспен ауырған 152 мыңға жуық пациент, оның ішінде 93 пайызы – амбулоториялық, 7 стационарлық деңгейде ем алып жатыр. Қаңтарда өлім-жітім желтоқсанға қарағанда 1,3 есе төмендеді.

Кейінгі екі аптада коронавируспен сырқаттану деңгейі орташа 2,4 есе өсті. Ауырудың ең көп өсуі, яғни алты есе өсуі бес өңірде байқалды: Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстары. Басқа облыстарда екі есе өскен.

"Жергілікті атқарушы органдар халық арасында коронавирус инфекциясы туралы ақпараттандыру жұмыстарын жалғастыру қажет", – дейді Ғиният.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу