Бес облыста су тасқынына қарсы шаралар жүргізіліп жатыр

362

Бұл туралы ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп баяндады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бес облыста су тасқынына қарсы шаралар жүргізіліп жатыр Фото: ТЖМ

Азаматтық қорғау қызметтері Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шараларды жалғастырып жатыр.

"Жайық өзеніне судың келуіне байланысты Атырау облысы айрықша бақылауда. Атырау қаласында Жайық өзені бойында бөгеттерді нығайту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Дронның көмегімен су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде. Броньнан шығарылған жылжымалы сорғы станциялары су басқан аумақтардан су сору жұмыстарына жұмылдырылды", - деді А.Шәріп Орталық коммуникациялар қызметінде.

Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6 379 тұрғын үй мен 2 794 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Республика бойынша 37 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды, 6 мыңнан астам адам эвакуациялау пункттерінде орналасты.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 21 мыңнан астам адам, 2 мыңнан астам түрлі техника, 615 су сору және жүзу құралы, 8 әуе кемесі жұмылдырылды.

"Су тасқыны басталғалы бері 12 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 6,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді. Жалпы азаматтық қорғау қызметтері Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіп жатыр", - деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу