5 облыста үсік жүруі мүмкін

181

Атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстанның солтүстігі, орталығы мен оңтүстігінде өз әсерін сақтайтын болады.

5 облыста үсік жүруі мүмкін Фото: canva.com

"Қазгидромет" РМК ел аумағында 13 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.      

– Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, күндіз елдің солтүстігі мен орталығында қатты жаңбыр жауады. Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. ҚР бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстігінде дауыл, шаңды дауыл, солтүстігі мен орталығында бұршақ күтіледі, – делінген ақпаратта.

Түнде Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында 3 градус үсік жүруі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу