Бес өңірде тұман түсіп, жел соғады

687

28 қазан күні бірнеше өңірде ауа райы бұзылады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.  

Бес өңірде тұман түсіп, жел соғады

Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, батысында жел соғады, күші 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының орталығында тұман күтіледі.

Таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігі мен батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түнде 28-29 қазанда Қарағанды облысының орталығында, шығысында тұман болжанады.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың солтүстік-батысында жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу