Бес күн бойы іздестірілген әріптесіміз туралы суыт хабар жетті

13491

Жақындары мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз!

Бес күн бойы іздестірілген әріптесіміз туралы суыт хабар жетті

Изатима Сәмтікбаеваның суға кеткені туралы жаманат хабар осыдан бес күн бұрын жеткен еді.

Ол 19 шілде күні Ақмола облысы Арнасай елдімекеніндегі "Астана" су қоймасына достарымен демалуға барған. Құтқарушыларға қыздың гидроциклден суға құлағаны туралы хабарланған, содан бері тоқтаусыз іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Осы уақытқа дейін жақсылық хабардан үмітті болғанымызбен, 27 жастағы жас ғұмырдың үзілгенін мойындауға тура келіп отыр. Ақмолалық құтқарушылар қыздың денесін судан алып шықты.

Изатима өмірге құштар, еңбекқор, әріптестерінің ортасында сыйлы жан еді. Әрдайым спортпен шұғылданып, салауатты өмірді барынша насихаттап жүретін. Жаны жайсаң әріптесіміздің жақындарына, туыс-туғаны мен дос-жарандарына қайғыра көңіл айтамыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу