Бес жүзден астам елдімекенде интернеттің сапасы өте нашар – Бағдат Мусин

1262

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин халыққа есеп беру кездесуінде мәселенің мән-жайын түсіндірді.  

Бес жүзден астам елдімекенде интернеттің сапасы өте нашар – Бағдат Мусин

Ол интернеттің жылдамдығы желіде айқай-шу шығарғаннан жақсармайтынын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Халықты оптикалық және мобильді интернетпен қамтамасыз ететін бірнеше оператор бар. Оларға қатысты шағымның басым бөлігі ауызша немесе әлеуметтік желіде ғана айтылады.Интернеттің сапасына көңіліңіз толмаса, шағымды ресми түрде жолдау қажет. Әлеуметтік желідегі шағым бойынша ешкім шара қолдана алмайды. Бізге тікелей, ресми шағым жолданса, тексеру жүргізіледі. Айыппұл салынады. Бұдан бөлек интернет жиілігін талапқа сай ету үшін операторға нақты мерзім белгіленеді", – деді Бағдат Мусин.

Министрдің мәлімдеуінше, ауылдық жерде оптикалық интернет тарту және оны қамтамасыз ету қыруар қаржыны талап етеді. 

"Бес жүзден астам елдімекенде интернеттің сапасы өте нашар. Ал 1200 елдімекенге интернет желісі тартылмаған. Алдағы уақытта интернет сапасын жақсартуға арналған 286 құрылғы қойылады. Қалғандарының мәселесі спутниктік трансмиссяи көмегімен шешіледі", – деді Бағдат Мусин.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу