Түркістан облысының Төлеби ауданында құйынды желден бес жыл бұрын салынған мектептің шатыры толықтай ұшып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Төтенше жағдай жексенбіде болғандықтан, ғимаратта күзет қызметінен басқа ешкім болмаған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қатты дауылдың салдарынан шатырлар бір шақырым жерге дейін жетіп, білім ұясының қоршауларын бұзып тастаған. Оған қоса, мектептің маңындағы жоғары кернеулі электр бағаналары да құлаған. Қауіпсіздік шараларын қолға алған жергілікті билік бүгін сабақты толықтай тоқтатты. Қазір оқиға орнында арнайы комиссия құрылып, шатырларды жабу жұмыстары ертеңнен бастап қолға алынбақ. Табиғи апаттан келтірілген шығын көлемі есептелді.
Айта кетейін, 300 орындық "Жыланбұзған" жалпы орта мектебі 2014 жылы пайдалануға берілген. Құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер компанияның кепілдік мерзімінің аяқталуына байланысты, табиғи апат салдарын жою аудан бюджетінен ретке келтірілмек.