Бес жылда дизель екі есе қымбаттаған

1044

2015 жылы АИ-92 бағасы 99 теңге еді...

Бес жылда дизель екі есе қымбаттаған

2020 жыл отын нарығына қатты әсер етпеді. Наурызда 156 теңгеден сатылған сұйық отын маусым айының соңына қарай 149.7 теңгеден саудаланды. 

Биыл жанармай қымбаттамаса да, соңғы бес жылда құны кәдімгідей артқан. 2015 жылы 92-бензиннің литрі 99 теңге тұратын, дизель бағасы да сол шамада еді. АИ-80, АИ-92 және дизель бағасын Энергетика министрлігі бекітетін. 

2015 жылы 7 қыркүйекте шенділер бағаны мәжбүрлі түрде белгілеуден бас тарту жөнінде шешім қабылдады. Содан АИ-92 126.5 теңгеден саудалана бастады. Дизельдің бір литрі ол кезде 99 теңге тұратын. 

2016 жылы желтоқсанда сұйық отын құны тіпті шарықтап, 135 теңгеге жетті. Осы жылы шенділер дизель бағасын қадағалауды доғарды. Нәтижесінде оның құны 99-дан 130.6 теңгеге "секірді". 

2017 жылдың басында 135.8 теңге тұратын АИ-92 желтоқсанда 163.2 теңгеден саудаланды. 2018 жылы баға сан құбылды. Екі жыл ішінде дизель құны 130 теңгеден 192.8 теңгеге көтерілді. 

Көлікке 92-бензин құятындар 2019 жылды сағынышпен еске алатын шығар. Себебі жыл басында сұйық отын арзандап, 151-ден 145-ке дейін түсті. Дизель бағасы екі теңгеге құбылып, 2019 жылдың соңында 192.8 теңге межесіне жетіп тоқтады. 

Олжас Оқас

Фото: almaty.today

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу