Бес жылда елімізде қант қызылшасының өндірісі 40%-ға азайды

544

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы 305,7 мың тонна қант қызылшасы өсірілді. Өткен жылға қарағанда көрсеткіш 8%-ға азайса, бес жыл бұрынғы кезеңге қарағанда 39,4%-ды құрады.  

Бес жылда елімізде қант қызылшасының өндірісі 40%-ға азайды Фото: pixabay.com

“Қазіргі құлдырау 2019 жылдан бері санағанда төртінші болды. Салдарынан қант қызылшасын өндіру көлемі 7 жыл ішінде минимумға жетті. Алайда осыдан да әлдеқайда төмен көрсеткіштер болғанын атап өткен жөн. Мәселен, 2014 жылы – 23,9 мың тонна”, - деп хабарлады Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасы.

DataHub жазуынша, егістік алқаптарының ұлғаюына қарамастан, 2023 жылы өндіріс көлемінің артуына сенім артпаған жөн. Сарапшылар мұның себебін құрғақшылықпен байланыстырып отыр. 

“Қант қызылшасынан алынатын қант өндірісінің деңгейі елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді”, - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу