Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді

560

Бұл туралы сотталушының жары Дана Есеева мәлімдеді.

Бес жылға сотталған вайнер Мейіржан Төребаев үйіне келді Фото: видеодан алынған кадр

Елімізге белгі вайнер Мейіржан Төребаев түзету мекемесінде қысқа мерзімді демалыс алып, отбасымен қауышты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мейіржанның заңда белгіленген қысқа мерзімді демалысы бар (113-бап, мекемеден тыс жүру). Балалардың бақыттан басы айналып отыр. Кішілері соңғы кездесуден кейін ғана тілдері шыққан, әкелеріне сұрақты жаудыртып жатыр. Үлкендері әкелерінің жанында үнсіз ғана отыр. Жақын арада оның Павлодарға қайта кететінін түсініп, барынша құшақтап қалып жатыр. Онда Мейіржан күндіз "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорнында жұмыс істеп, кешке мекемеге қайтады. Ең бастысы, ананың жүрегі тынышталды. Ұзақ болмаса да, жалғыз ұлы қасында", – деп жазды Дана Есеева. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу