Бесік аластаудың өзіндік ғылыми негізі бар

545

Назарларыңызға ұлтымыздың тал бесіктен жер бесікке дейінгі ғұмырындағы маңызды салт-дәстүрлерін ұсынады.

Бесік аластаудың өзіндік ғылыми негізі бар Фото: soyle.kz

Баланы бесікке салу

Әдетте баланы бесікке кіндігі түскен соң салады. Баланы бесікке салуға (бөлеуге) ерекше мəн беріледі. Баланы бесікке саларда "тышты ма" ырымы жасалады.

Онда баланы бесікке салуға жиналған əйелдердің біреуі "тышты ма?" деп дауыстағанда, бесікті айнала отырған əйелдер "тышты, тышты" десіп, бесіктің түбек салар тесігінің астына тосылған қолдарға, бауырсақ, құрт, ірімшік, қант, кəмпит тастайды. Оны алған балалар таласа-тармаса жейді. Баланы алғаш бесікке балалы-шағалы, инабатты кісілердің бірі салады.

Баланы бесікке бөлеудің өзіндік ғылыми мəні бар. Əдетте, бесікке бөленген бала түзу, сымбатты болып өсіп, дəретіне былғанбай таза болады. Зиянды жəндіктердің шағуынан қорғайды. Көшкенде ат үстінде алып жүруге өте қолайлы болады. Ал, "тышты ма" айту – жаңа дүниеге келген сəбиге құт дарысын, несібелі болсын, артынан байлық саулап жүрсін деген ниетпен істеледі.

Бесік аластау

Баланы бесікке бөлер кезде əрдайым ең алдымен бесікті міндетті түрде аластайды. Бесікті көбінде арша бүрі-шырпысын тамызып, ол болмаса, шам, шақпақ, сіріңке талы секілді жарық шығаратын заттардың бірін пайдаланып, бесіктің бас-аяғын тегіс айналдыра:

– Алас, алас, алас!

Əр пəлеңнен қалас!

Көзі жаманның көзінен алас!

Тілі жаманның тілінен алас!

Уы жаманның уынан алас!

Алас, алас, алас!

Қылагөр Алла мың пəлеңнен қалас! – деп бесікті аластап шығып, онан соң барып баланы бөлеуге кіріседі. Бесік аластаудың да өзіндік ғылыми негізі бар:

Аршаның микроб өлтіретін қасиеті бар. Сондықтан бұл бала-ның дені сауболып өсуіне септігін тигізеді.

От жарығымен бесікті аластау зиянды жəндіктерден сақтан-дыру үшін қажет. Баланы бесіктен шешіп алған соң, түбек-шүмегін жуып, көрпе-жастығы мен жөргегін күнге жайы потырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу