5G технологиясы бүкіл әлемде қолданыла бастады. 2021 жылдың соңғында әлем бойынша 5G абоненттерінің саны 19,1%-ға өсіп, 521 млн-ға жетті. Бұл жалпы нарықтың 5,1%-ын құрады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Дегенмен, 5G дамыған сайын абоненттер саны жылдан жылға өсіп, 2026 жылға қарай олардың үлесі 39,4%-ға жетеді. Сонымен қатар, 4G немесе LTE абоненттерінің үлесі 2023 жылдан бастап азаяды, өйткені тұтынушылар 5G-ге ауысады. 2021-2026 жылдар аралығында LTE (4G) абоненттерінің үлесі 67,7%-дан 49,9%-ға дейін төмендейді.
Қазірдің өзінде 155 елдегі 523 оператор 5G желісіне сынақтар жүргізіп, лицензиялар алып, инвестиция салды. Оның ішінде 97 елдегі 249 оператор 5G-ті коммерциялық түрде іске қосты. Бесінші буын желісін дамыту және енгізу қарқынды жүріп жатыр және бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар қазірдің өзінде жаңа мүмкіндіктерді пайдалануда.
5G қызметтері алғаш рет 2018 жылы Оңтүстік Кореяда коммерцияланды. 2019 жылдың мамырында Швейцария, АҚШ және Ұлыбританиядағы операторлар тұтынушылар үшін өздерінің 5G ұялы байланыс қызметтерін іске қосты. Бұл коммуникацияның жаңа буынын пайдаланудың басы болды.
Бұл ретте, 5G желілерін іске қосу ресурсты қажет ететінін атап өткен жөн: бүкіл инфрақұрылым өте қымбат, сонымен қатар, операторлар желіні пайдалану үшін жиіліктерді сатып алады. Мысалы, спектрлік аукциондар мен тапсырмалар 2021 жылы 140,1 млрд долларды құрады, бұл 2020 жылғы 37,7 млрд доллардан айтарлықтай жоғары.
2022 жылы жалпы сомасы 26,6 млрд доллар бөлінді, оның көп бөлігі Үндістандағы жазғы аукционнан түсті.
2023 жылы аукционда жалпы сомасы 427 мле доллар жиіліктер сатылынды.