Бесінші күннің нәтижесі шықты

810

Бесінші күннің нәтижесі шықты

24 маусым күні өткен ұлттық бірыңғай тестілеуге  өтініш берген 8410 түлектің 8161-і (97,04%) қатысты, деп хабарлайды ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Оның ішінде қазақ тілінде - 6665, орыс тілінде - 1496 адам.

ҰБТ 60 тестілеу пунктінде өтті,  Тәртіп бұзғаны үшін 1 адам аудиториядан шығарылды, ал оның жауаптары жойылды.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің бесінші  күнінде 14 244  тыйым салынған зат алынды. Орташа балл - 79,05.

Ағымдағы жылы ҰБТ республика бойынша 20-27 маусым аралығында өтеді. ҰБТ-ны тапсыруға 92 827 түлек өтініш берді, оның 69 209 - қазақ тілінде, 23 618 - орыс тілінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу