Абай облысына қарасты Бесқарағай ауданында орман жамылғысы өртенді, деп жазады inbusiness.kz.
Ақпаратқа сәйкес, 1 шілде күні сағат 09:48-де Бесқарағай ауданындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында түтін нүктесі анықталды.
"Жалпы ауданы 1,2 гектар өртті Долон филиалының Байдәулет орманшылығының қызметкерлері оқшаулап, сөндірді. Тілсіз жауды сөндіруге барлығы 24 адам және орман шаруашылығының 9 техникасы қатысты", - делінген ТЖМ мәліметінде.
Байдәулет орманшылығының ақпараты бойынша Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдарын тарту қажет болмаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу