Бесқарағай ауданындағы орман өрті толық оқшауланды

282

Қарағанды облысы мен Астана қаласынан қосымша күштер мен техника көмекке келді.

Бесқарағай ауданындағы орман өрті толық оқшауланды Фото: Абай облысы әкімдігінен

Бесқарағай ауданындағы "Семей орманы" табиғи резерватының Морозов филиалы аумағындағы орман өрті оқшауланды. Қазіргі таңда оқшауланған өртті толық сөндіру жұмыстары жүргізілуде, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттері, облыстық Полиция департаменті, "Семей орманы" мен "Ертіс орманы" мекемелерінің қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар жағдайды әлі де бақылауда ұстап отыр.

Алдын ала болжам бойынша өрт 1200 гектар аумақты шарпыған. Оның 800 гектары дала, 400 гектары – орман алқабы.   

Абай облысының әкімі Берік Уәли Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдерімен бірге бүгін таңертең өрттен зардап шеккен Морозов филиалының Соснов орманшылығына тікұшақпен әуеден бақылау жүргізді.

"Тікұшақпен өртенген аумақтарды мұқият қарап шықтық. Өрттің толық тоқтатылғанына көз жеткізіп, елді мекендерге, тұрғындарға қауіпсіз болуын бақылауда ұстаймыз", – деді аймақ басшысы.

Өртті сөндіру жұмыстарына 419 адам, 140-қа жуық техника жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу