Бесқарағай ауылында су деңгейі төмендеді

701

Бесқарағай ауылында су деңгейі төмендеді

Бесқарағай ауылындағы қарқынды су сору жұмысы нәтижесін берді, деп хабарлайды Бесқарағай ауданының төтенше жағдай басқармасы.

Осыдан 15 күн бұрын жер асты суының деңгейі көтеріліп, ауылдың шетінде орналасқан 9 үйді және 10 ауланы су басқан еді. Мамандар төтенше жағдай жариялады. Әлі күнге құм салынған қаптан бөгет салу, үйіндіні бекіту және су шығару жұмысы жалғасып жатыр.

Бүгінге дейін төтенше жағдай мамандары 100 мың текше метрге жуық су сорды. Су шығару нәтижесінде су деңгейі 15 см төмендеп, 5 аула құрғатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу