"Беске дейін үлгер": Балалардың ата-аналарына арналған мобильді қосымша іске қосылады

395

Мобильді қосымша мектепке дейінгі ұйымдардың консультациялық пункттерінде қолжетімді болады.

"Беске дейін үлгер": Балалардың ата-аналарына арналған мобильді қосымша іске қосылады Фото: Pixabay.com

Ата-аналарға балаларды ерте жастан күту және дамыту бойынша консультациялық көмек көрсету үшін "Беске дейін үлгер" мобильдік қосымшасы іске қосылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мобильді қосымша үйде бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға денсаулық, тамақтану, тәрбие, дағдыларды қалыптастыру мен дамыту және өзара қарым-қатынас құру бойынша қолжетімді ақпарат ұсынады. Қосымшаның мазмұны әлемдік институттардың нейробиологиялық зерттеулерінің ғылыми деректері негізінде әзірленген және біздің мәдени-тарихи құндылықтарымыз ескерілген.

"Қазіргі уақытта қосымша Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының мектепке дейінгі ұйымдарымен бірлесіп пилоттық режимде сынақтан өтіп жатыр. Оны толық масштабтау қараша айында жүзеге асырылады. Сондай-ақ оның мазмұны сабақтарға арналған идеялар мен практикалық кеңестер ұсыныла отырып, консультациялық орталықтарда пайдаланылатын болады", - деп атап өтті Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.

Айта кету қажет, мобильді қосымша мектепке дейінгі ұйымдардың консультациялық пункттерінде қолжетімді болады. Ата-аналар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелері бойынша тәулік бойы әдістемелік және психологиялық көмек ала алады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу