Бестеректе балаларды қағып кеткен ер адамға үкім шықты

90

Ер адам жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейді.  

Бестеректе балаларды қағып кеткен ер адамға үкім шықты Фото: Видеодан скриншот

Абай облысындағы Бестерек ауылында балаларды қағып кеткен 55 жастағы ер адамға сот үкімі шықты. Оқиға салдарынан 4 бала көз жұмған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, оны 9 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ол 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Айыпталушы қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтейді.

Бұдан бөлек сот балаларынан айырылған отбасылардың азаматтық талабын қанағаттандырды. Ер адам оларға 50 млн теңге көлемінде моральдық зиянды өтеуге міндеттелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кету керек, бұған дейін Бестеректе 6 баланы қағып кеткен жүргізушінің ұлы кешірім сұрағанын жазғанбыз.

Қайғылы оқиға осы жылдың тамыз айында болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу