Бестеректегі апат: ауруханада хәл үстінде жатқан бүлдіршін көз жұмды

460

Жол апаты құрбандарының саны – 4 адам.  

Бестеректегі апат: ауруханада хәл үстінде жатқан бүлдіршін көз жұмды Фото: Бейнежазбадан

Абай облысындағы Бестерек ауылында жол апатына түсіп, ауыр хәлде жатқан қыз көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 19 тамыз күні болды. Toyota маркілі көлігі бір топ балаларды қағып кеткен болатын. Оқиға орнында екі бала және ауруханаға келе жатқанда тағы бір бала көз жұмды.

Президенттің тапсырмасымен аман қалған үш адамға көмек көрсету үшін әскери ұшақ ұшып шықты.

Олардың денсаулық жағдайлары тұрақтанған соң екі бала санавиациямен Астанаға жеткізілді.

Зардап шеккен ең үлкен қыз алдымен Үржар аудандық ауруханасына жеткізіліп, артынан ол тікұшақпен Семейге әкелінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу