Бестөбе шахтасынан мәйіт табылды

491

2022 жылы осы кеніштен 940-тан астам заңсыз алтын іздеуші ұсталып полицияға тапсырылған болатын.  

Бестөбе шахтасынан мәйіт табылды Фото: Instagram/altynalmas.kz

Бестөбе кенішінің жұмыс істемейтін шахтасының аумағында заңсыз алтын іздеушінің мәйіті табылды. Бұл туралы шахтаның кезекші қызметкері полицияға хабарлаған. Оның қасында бірге заңсыз алтын іздеген адамдар мәйітті сыртқа көтерген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Марқұм 1982 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы.

Сондай-ақ оқиға куәгері ретінде Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданының тұрғыны, 1991 жылы туған ер адам анықталды, ол шахтада екі апта болғанын мәлімдеді. Ол "кондейка" (кеншілердің демалыс бөлмесі) маңынан қимылсыз жатқан ер адамның мәйітін тапқан. Мәйіттің жанында тастар жатқан. Оның айтуынша, қайтыс болған адам 18 күн бойы шахтада болған.

Кейін жақын маңдағы Бестөбе ауылының тұрғыны, 1994 жылы туған сыбайласымен бірге ол мәйітті қапқа салып, "Центральная" шахтасының 475-деңгейінен жер бетіне шығарады, ақырында мәйіт сол жерден табылды. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осыған дейін де "Алтыналмас АК" АҚ компаниясы Бестөбе кенішінің шахтасында құрамында алтын бар кенді заңсыз өндіру оқиғалары бар екендігі туралы бірнеше рет ескерткен болатын. 

Бүгінгі таңда шахтадағы жұмыстар тоқтатылған: электрондық және телефон байланысы ажыратылды, шахталардың оқпандары жабылды, жолдардың люктері бітелді, есіктер мөрленіп күзетке тапсырылды, желдету жұмыс істемейді, көтергіш қондырғылары жұмыс істемейді, көтергіш қондырғыларды шұғыл іске қосу мүмкін емес. Сонымен қатар кенішті жер асты сулары басып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу