"Бетін пышақпен тілген": Павлодарда ер адам тапа-тал түсте таныс әйелге шабуыл жасаған

632

Күдікті полицияға жеткізілді. 

"Бетін пышақпен тілген": Павлодарда ер адам тапа-тал түсте таныс әйелге шабуыл жасаған Фото: t.me/tipavlo

Павлодарда көпқабатты үйлердің кіреберісінде ер адам әйелге шабуыл жасап, бетіне пышақ жарақатын салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба желіде тарады. Ақпаратқа сәйкес, ер адам әйелдің бетін пышақпен тілген.

Павлодар облыстық полиция департаменті осы жағдайға байланысты ресми түсінік берді. 

"20 шілде күні Малайсары батыр көшесіндегі аулада ер адам өзі танитын әйелдің бетін жарақаттаған. Күдікті анықталып, қалалық полиция бөліміне жеткізілді", – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу