Бетон зауыты биыл көшіріледі - Әсет Исекешев

606

Алдағы екі ай ішінде жаңа алаң дайындалады. Содан кейін зауыт орнын ауыстырады.

Бетон зауыты биыл көшіріледі - Әсет Исекешев

"Family Village" және "VelaVillage" коттедж қалашықтарының маңындағы бетон зауыты биыл басқа жерге көшіріледі, деп хабарлайды elorda.info.

"Бүгін тұрғындардың талап-арыздары бойынша қаланы аралап, бірқатар нысандардың мəселелерін қарадық. Солардың ішінде Bi-Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаевпен бірге "Family Village" және "VelaVillage" коттедж қалашықтарының маңындағы бетон зауытының мәселесін талқыладық", - деп жазды Әсет Исекешев Facebook желісіндегі парақшасында.

Бұған қоса, қала басшысы аталған зауаттың біраз құрылыс нысандарын бетонмен қамтамасыз етіп отырғанын атап өтті.

"Бұл зауыт қаладағы біраз құрылыс нысандарын бетонмен қамтамасыз етіп отырғандықтан, оны басқа жерге көшіруді келесі жылға жоспарлаған еді. Бірақ компания бүгінгі бірлескен жиыннан кейін зауытты биыл көшіру туралы шешім қабылдады. Алдағы екі ай ішінде жаңа алаң дайындалады. Содан кейін зауыт орнын ауыстырады", - делінген әкімнің жазбасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу