Атырау облысында жаңа бетон зауыты іске қосылды. Ірі мұнай компаниясының тапсырысымен салынған кәсіпорын сағатына 120 текше метр бетон өндіруге қауқарлы.
Жылыой ауданында ашылған зауыттың бүгінде бірінші бөлігі ғана жұмыс істеп тұр. Екінші бөлігі іске қосылса, сәйкесінше өндіріс қуаты да екі есеге артады. Сондай-ақ бірден 90 адамға жұмыс табылады. Бүгінде қызметкерлерге арнап зауыт маңынан жатақхана мен асханалар салынып жатыр.
Айта кетейік, шығарылған бетондар Теңіз мұнай кен орындарының кеңейтілуіне жұмсалады.
Автор: Арай Сүгірбай
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу