Бетперде киген қарулы екі адам Түркістандағы ойынхананы тонап кетті

542

Бетперде киген қарулы екі адам Түркістандағы ойынхананы тонап кетті. Күдіктілердің бірінің қолында ойыншық тапанша болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бетперде киген қарулы екі адам Түркістандағы ойынхананы тонап кетті

Оқиға таңғы сағат 04:58 шамасында болған. Бетперде киген, қолында қаруы бар екі ер адам ойынханадағы касса жәшігін бұзып, ішінен 350 000 теңгені алып кеткен.

"Аталған деректі біз ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі бойынша тіркедік. Жан-жақты жедел іздестіру шараларының нәтижесінде екі тәулік ішінде күдікті ретінде Түркістан қаласының екі тұрғынын ұстадық. Тергеу барысында күдіктілер қылмыс жасағанын мойындап, ұрланған ақшаны жеке қажетіне жұмсағанын айтты", – деді Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Құрманбек Сахов.

Тергеу барысында күдіктілердің бірі қолындағы тапаншаның ойыншық екенін, оны қала базарларының бірінен сатып алғанын айтқан.

Ал қарақшылық шабуыл жасағаннан кейін ол қаруды дәретханаға тастаған. Кейіннен ойыншық тапанша да заттай дәлел ретінде тәркіленген.

"Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда күдіктілер қамауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу