Бетпердесіз жүргендерге айыппұл салынады

1000

5 АЕК-тен 500 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы мүмкін.  

Бетпердесіз жүргендерге айыппұл салынады Фото: Максим Морозов

Бұл туралы Алматыда өткен брифинг барысында шаһар басшысының орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлімдеді. 

"Бетперде кию режмі барлық қала аумағында енгізілген. Бұл індетті жұқтырмау тұрғысынан маңызды. Қазіргі кезде талапты бұзғандарға ескерту жариялаудамыз. Алайда эпидемиологиялық жағдайға байланысты өзге де шаралар қолданамыз. Атап айтсақ, айыппұл салып, басқа да жаза тағайындалуы мүмкін", – деді Ерлан Қожағапанов. 

Бұл ретте мегаполистің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жеке тұлғалардан бөлек, нысандарына бетпердесіз кіруге рұқсат еткен кәсіпкерлер де жазаланатынын ескертті. 

"Егер азаматтар бетперде тақпаса 5 АЕК айыппұл салынады. Ал нысандарына бетпердесі жоқ азаматтарды кіргізген лауазымды тұлғаларға 15 АЕК айыппұл салынады. Бұл нысан шағын бизнес субъектісі болса жаза көлемі 100 АЕК, орта бизнеске 200 АЕК, ірі бизнеске 500 АЕК төлеу міндеттеледі", – деді Жандарбек Бекшин. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу