Америкалық Amazon компаниясының тоқсандық кірісі шамамен бір жарым есе өсті. 2020 жылдың соңғы үш айында 125,6 миллиард долларға жетті.Бір жылдағы таза пайда көлемі 21 миллиардтан асты.
Үшінші тоқсанда компанияның негізін қалаған Джефф Безос бас директор қызметінен кетіп, директорлар кеңесінің атқарушы төрағасы болатынын жариялады.
Сарапшылар маңызды шешімдерді Безос қабылдайды, сондықтан бұл қадам активтерге айтарлықтай әсер етпейді деген пікірде.
"Әрине, Amazon әлемдегі ең ірі және ықпалды компаниялардың бірі саналады. Джефф Безос өз жоспарын жүзеге асыра алды, мақсатына қол жеткізді. Жаңа қызметінде Безостың корпорация өміріне белсенді түрде араласатыны түсінікті. Менің ойымша, ол ең маңызды шешімдер қабылдауға атсалысады, ал оның мұрагері Энди Джесси күнделікті істермен шұғылданады", – дейді Gartner сарапшысы Эд Андерсон.
Табиғат Нұрболат