Безос қайтадан ең бай адам атанды

827

Илон Маск екінші орынға жайғасты.

Безос қайтадан ең бай адам атанды

Amazon компаниясының негізін қалаған миллиардер Джефф Безос қайтадан әлемдегі ең бай адам атанды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. Ал бұған дейін бір ай бойы ең ауқатты адамдар тізімінде көш бастап тұрған Tesla басшысы Илон Маск екінші орынға ығысты. 

Соңғы мәлімет бойынша, Безостың байлығы 191 миллиард доллар, ал Масктікі 190 миллиард доллар болды. Безос 2017 жылдан бастап 2021 жылдың 7 қаңтарына дейін бірінші орында тұрған еді. 

Үшінші орында – Microsoft компаниясының негізін қалаған кәсіпкер Билл Гейтс. Оның байлығы 137 миллиард долларға жеткен.

Келесі орынға Louis Vuitton Moët Hennessy президенті Бернар Арно (116 миллиард доллар) табан тіреді.

Facebook басшысы Марк Цукерберг (104 миллиард доллар) бесінші орынға жайғасты.

Табиғат Нұрболат

Фото: cnbc.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу