Ақтау қаласындағы мектептердің бірінде оқушылар тапталып қала жаздады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz порталына сілтеме жасап.
Бейнежазбада оқушылардың мектеп дәлізінде топталып жиналып қалғанын көруге болады.
Қалалық білім басқармасы оқиғаға қатысты түсінік берді. Ведомствоның дерегінше, оқиға 14 қараша күні сегізінші шағын ауданда орналасқан №8 мектепте болған. Бейнежазбада бірінші ауысымның оқушылары.
"Үзіліс кезінде бірнеше кабинетте жылу батареялары жарылды. Балалар бірден үйіне қайтарылды. Мектеп әкімшілігі мамандарды шақырып, тиісті жұмыс жүргізілді. Оқушылардың арасында зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу