Ұлттық банктің 2 ақпанға ұсынған ресми бағамы – бір долларға 518,14 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,27 теңге. Еуро – 537,57.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 521,2 теңге. Еуро 537,5-541,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 516,8 теңге, сатып алу құны – 522 теңге. Еуро 537,5 теңгеден сатылып, 543 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,18-5,29 аралығында саудаланып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу