Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады

111

Синоптиктер 7 наурызға арналған ел аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады Фото: istockphoto.com

Болжамға сәйкес, республикамыз бойынша боран, тұман, көктайғақ, жел сынды ортақ табиғи құбылыстар белең алады деп күтіледі.

Елдегі ауа райын солтүстік-батыс циклоны айқындайтын болады, осыған байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты, атап айтқанда, еліміздің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады деп күтіледі, – делінген болжамда.

Сондай-ақ күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 30 м/с және одан да көпке күшейеді деп күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу