Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады

165

"Қазгидромет" синоптиктері 21 ақпан, жұма күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады Фото: inbusiness.kz

Атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның солтүстігінде, батысында және солтүстік-батысында қар жауады, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, тек шығыста, Қазақстанның орталығында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Республика бойынша тұман күтіледі, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады, батыста, оңтүстік-батыста және солтүстікте қар жауып, жел күшейеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу