Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

279

Жолаушыларға ұзақ жолға шығарда абай болуды ескертеміз.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады Фото: inbusiness.kz

Қазгидромет ел аумағында 2 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

Дерекке қарағанда, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

– ҚР оңтүстігінде жауын-шашын, жаңбыр және қар жауады. Республика бойынша тұман, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында – көктайғақ, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында – жаяу бұрқасын, батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында – желдің күшеюі күтіледі, – деп жазды синоптиктер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу