Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр және сулы қар түрінде жауын-шашын күтіледі, шығысында көктайғақ құбылыстары болжанады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде антициклонның әсерінен ашық ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.
Елдің батысында түнде ауа температурасының негізгі фоны +5+16°С, күндіз +17+22°С-тан +22+27°С-қа дейін жоғарылайды.
Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде ауа температурасы +3+13°С-тан -1-6°С-қа дейін төмендейді, күндіз ауа температурасының негізгі фоны +10+17°С болады.
Шығыста түнде ауа температурасының негізгі фоны 0,+8°С, күндіз +10+15°С-тан +2+7°С-қа дейін төмендейді.
Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасының негізгі фоны +3+10°С, таулы аудандарда 2°С-қа дейін үсік күтіледі. Күндіз ауа температурасы +17+25°С, таулы аудандарда +12+17°С болады.