Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,74 теңгеге арзандады.
Ұлттық банктің 19 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 497, 89 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,00 теңге. Еуро – 525,12.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 498,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 500,1 теңге. Еуро 524,5 – 529 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 496 теңге, сатып алу құны – 501 теңге.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу