Бүгін үш қалада метеоахуал нашарлайды

159

Бүгін Қазақстанның үш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгін үш қалада метеоахуал нашарлайды Фото: inbusiness.kz

"2024 жылғы 10 мамырда Алматы, Атырау, Ақтөбе қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу