БҒМ мұғалімдерді "Қазақстан халқына" ақша аударуға міндеттемейді

1306

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Абдуәлиева әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

БҒМ мұғалімдерді "Қазақстан халқына" ақша аударуға міндеттемейді

"Әлеуметтік желілерде педагогтер мен оқытушыларды "Қазақстан халқына" қорына қаражат аударуға міндеттеу туралы пікірлер жазылып жатыр. Мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, Білім және ғылым министрлігіне қарасты жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері қорға ақша аударуға міндеттелмейді. Білім ұйымдарының басшылары бұдан хабардар, сұрақ туындамайды деп үміттенемін", – деп жазды баспасөз хатшысы Facebook-те. 

Сондай-ақ Мөлдір Абдуалиева мұндай мәселе туындаса, тікелей өзіне хабарласуға болатынын атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу