"Жас ғалым" жобасы аясында БҒМ жүргізген талдау докторантураны бітірген жас ғалымдардың ғылымда аз қалатындығын көрсеткен.
"Сондықтан біз арнайы постдокторантураны енгізе бастадық. Енді жыл сайын докторантураны бітірген бір мың жас ғалым постдокторантураға барып, зерттеу жұмысымен айналысып, 3 жыл бойы 500 мың теңге жалақы алып отыруға мүмкіндік алды. Бастаманың нәтижесінде жыл сайын ғылыми әлеует ғылыми дәрежесі бар 1 мың жас ғалымға артады деп күтілуде", – деді Асхат Аймағамбетов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу