BI Group АҚШ нарығына халықаралық өсу стратегиясының аясында шығады

7343

BI Group компаниясы халықаралық аренада бизнесін кеңейту стратегиясының аясында АҚШ нарығына шығатынын хабарлады. 

BI Group АҚШ нарығына халықаралық өсу стратегиясының аясында шығады Фото: BI Group

Компанияның ұзақ мерзімді сыртқы инвестицияларды тарту арқылы холдингті дамыту және құрылыс компанияларының жаһандық рейтингіндегі орнын нығайтуға бағытталған жоспарының маңызды бөлігі ретінде халықаралық деңгейде бизнесті ұлғайтуға және жоғары сапа стандарттарына баса назар аударылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жобаларды қаржыландыру Астана Халықаралық Қаржы Орталығының (AIFC) Astana International Exchange (AIX) биржасына тіркелген инвестициялық қор арқылы ұзақ мерзімді сыртқы инвестицияларды тарту арқылы жүзеге асырылады. Өз кезегінде, BI Group бұл жобаларды іске асыру үшін жинақталған тәжірибесін, алдыңғы қатарлы технологияларын, өз IT шешімдерін, командасын ұсынады және өз сауда маркасын пайдалануға құқық береді.

Жобаларды жүзеге асыру жергілікті девелопер Habitat Group-пен серіктестікте жүргізілетін болады. Биыл үш көпқабатты тұрғын үй кешені - Season One, Parkside, Millux Place жобаларының басталуы жоспарланған.

Холдинг халықаралық даму стратегиясын іске асыру үшін ауқымды дайындық жұмыстарын жүргізді. Негізгі жеңістердің бірі BI Development еншілес құрылымының Fitch халықаралық кредиттік рейтингін тұрақты болжаммен BB деңгейінде алуы болды. Бұл рейтинг компанияның қаржылық тұрақтылығын және дамыған елдерде ірі жобаларды іске асыруға дайындығын растайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың шілде айында BI Group Citi банкінің корпоративтік клиенті атанып, жобаларды тиімді басқару және халықаралық экспансияны қолдау үшін қажетті заманауи қаржылық қызметтер мен құралдарға қол жеткізді.

Орталық Азиядағы өз позициясын нығайту және жүзеге асырылатын жобалардың сапасын арттыру мақсатында BI Group шетелдік тәжірибені белсенді пайдалануды көздеп отыр. Халықаралық нарықтарға шығудың негізгі мақсаттары сыртқы инвестицияларды тарту, білім алу және технологиялар трансферті болып табылады, олар елдегі жобаларда қолданылатын болады. АҚШ және басқа дамыған елдердегі озық құрылыс тәжірибелерін және технологияларды зерттеу холдингке Орталық Азиядағы құрылыс саласын айтарлықтай нығайтуға, адами капиталдың сапасын жақсартуға және заманауи инженерлік шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді.

Компания туралы:

BI Group – тұрғын үй және инфрақұрылым құрылысы саласында 29 жыл бойы табысты жобаларды жүзеге асырып келе жатқан Орталық Азиядағы девелоперлік компания. Компания инновацияларды белсенді енгізіп, бизнес үдерістерін жетілдіріп, жаһандық дамуға ұмтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу