BI Group компаниясы Алматыдағы екі мыңыншы клиентін құттықтады

1013

BI Group компаниясы Алматыдағы екі мыңыншы клиентін құттықтады

BI Group компаниясы Алматыдағы өзінің "екі мыңыншы" клиентін құттықтады. Бұл қалыптасқан дәстүр Астанадан басталған еді, осыдан біраз уақыт бұрын компания елордада өзінің екі емес, 30-мыңыншы клиентін құттықтаған болатын, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл жолы компанияның "екі мыңыншы" клиенті болу құрметі алматылық Әлімбек пен Гүлбану Әлжановтарға бұйырды.
"Менеджер Бақдаулет бізді объектіні қарап шығуға шақырған болатын және бұл біздің болашақ үйімізді көруге жалғыз мүмкіндік екенін ескертті, ал біз бірден келістік", - дейді Әлімбек пен Гүлбану.
"Аманат" тұрғын үй кешенінің болашақ пәтер иелерін Артем Саркисян есімді бақыт менеджері қарсы алды. Қонақтар еш күдіксіз тұрғын үй кешеннің артықшылықтары туралы ақпарат алып жатты, кенеттен "Everybody dance now" әнінің ырғақты әуені ойнай кетті, алаңға жүгіріп шыққан құрылысшылар билей бастайды.
Флешмоб пен күтпеген ұтыс клиенттердің ғана емес, ұйымдастырушылардың да көңілінен шықты. Ең бастысы, сыйлыққа паркинг алған Әлімбек мен Гүлбанудың қуаныштарында шек жоқ.

"Мен өзім әуесқой автомобильшімін, әрине өзімнің темір тұлпарым үшін паркинг орнын алуды бұрыннан ойлап жүр едім. Міне, BI Group-тың арқасында оған қол жеткіздім. Сіздерге үлкен рахмет!", - дейді өз қуанышымен бөліскен паркинг иесі.

2017 жылы сату көлемі бойынша BI Group Алматыда бірінші орынға тұрақтады. Компания оңтүстік астамызда "Art Residence", "Аманат", "Асыл Тау", "Gagarin Park" және "Жаңа Жетісу" тұрғын үй кешенін тұрғызуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу