BI Group компаниясы кранның неге құлағанын айтты

834

Кран жеңіл көліктің үстіне құлаған.

BI Group компаниясы кранның неге құлағанын айтты

BI Group компаниясы елордада құлаған автокранға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компания "Британ квартал" ауданында XCMG автокранының құлағанын растады.

"Алдын ала нұсқа - автокран операторының қателігі болған. Ол жұмыс жүргізу кезінде автокранның алдыңғы бөлігімен (стрела) дұрыс маневр жасалмай, осының салдарынан кран аударылып қалған. Техника мердігер – "Андрющенко" жеке кәсіпкерлігі тиесілі. Зардап шеккендер жоқ. Жеңіл автокөлікке зақым келді", – деп хабарлайды компаниядан.

Компания апаттан келген шығын "Андрющенко" жеке кәсіпкерлігі есебінен өтелетінін хабарлайды.

"Кранды эвакуациялау жұмысы жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның мән- жайы анықталу үстінде", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін жеңіл көліктің үстіне автокран құлағаны туралы хабарлаған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу