BI.Zone компаниясы АХҚО-дан өз кеңсесін ашуға дайын

815

 BI.Zone компаниясы АХҚО-дан өз кеңсесін ашуға дайын

Сбербанкінің киберқауіпсіздікпен айналысатын BI.Zone атты еншілес компаниясы АХҚО-дан өзінің жеке офисін ашуға ниетті. Бұл туралы  Ресей Сбербанкінің президенті және басқарма төрағасы Герман Греф Astana Finance Days форумында айтты, деп хабарлайды abctv.kz.

"Қазір Қазақстанда цифрландыру бағдарламасы қолға алынды. Меніңше, АХҚО-ның табысты жұмыс істеуіне бұл бағдарламаның берері көп болмақ. Осы орайда, Ресей Сбербанкінің киберқауіпсіздікпен айналысатын BI.Zone атты еншілес компаниясы АХҚО-дан өзінің жеке офисін ашуға дайын екенін жеткізгім келеді. Инвесторлар үшін барлық алғышарттар мен талаптарды зерделеу нәтижесінде осындай шешім шығарылды. Бүгінде компания АХҚО аумағындағы алғашқы қадамдарын жасауда", – деді Герман Греф.

 Еске сала кетейік, BI.Zone бұған дейін де қазақстандық компаниялармен жұмыс істеген болатын. Әсіресе, "Қазақтелеком" компаниясымен тығыз іскери байланыста.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу